8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 3166 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ

             Бүгін Ақ Жайық өңіріне іссапармен келген ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң талаптар жайлы сөз қозғады. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен семинарды өңір басшысы Алтай Көлгінов жүргізді.  Жиынға Қаржы министрлігінің өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, және Маңғыстау өңірлерінің әкімдік қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

ҚР Қаржы вице-министрінің мәлімдеуінше, бұдан былай құрылыс саласында мемлекеттік тапсырысты орындаған мердігер тендер қаржысының 50 пайызын ғана қосалқы мердігерге төлей алады. Өткен жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу туралы заңға қол қойған. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап заңнама талаптары күшіне еніпті. Мемлекеттік сатып алу толықтай электрондық нұсқаға көшірілген. Заңнамалық өзгерістер бірінші кезекте құрылыс саласында сатып алуға қатысушыларға талаптарды жеңілдетуге байланысты. Алдағы уақытта материалдық ресурстардың болуын сатып алу туралы құжаттармен немесе бухгалтерлік құжаттармен растау талап етілмейді. Тіркеуге жататын техниканың техпаспортын қоса берсе жеткілікті. Заңға енген толықтырулар мен өзгерістер 3 блокқа бөлінеді. Біріншіден, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі түзету, екіншіден, әлеуетті жеткізушілердің біліктілігін арттыруға бағытталған ережелер, үшіншіден бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге бағытталған түзетулер.

Өз тілшіміз

Төлеген Бектұров, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару және өрт сөндіру қызметі мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі:

– 2018 жылдың 26 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заң  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Заңда бірқатар концептуалдық өзгерістер бар. Сондай-ақ заңның ережелерін іске асыру барысындағы  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына да өзгеріс енгізілді.  Осы орайда мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру әр аймақта ұйымдастырылуда. Батыс аймақ бойынша Орал қаласында бірлескен кеңес өтті. Бұған Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары бойынша мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік сатып алу және қаржы саласы мамандары қатыстық. БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өткен кеңесте вице министр Руслан Бекетаев, қаржы министрлігі аудит комитеті, мемлекеттік сатып алу комитеті мамандары жан-жақты мысалдармен енгізілген жаңашылдықтарды түсіндірді. Мамандар атап өткендей, заңдағы түзетулер мемлекеттік сатып алуды жетілдіруге және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық тұрғыдан реттеуге бағытталған. Соның ішінде демпингті қолдану,  әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу, веб-порталға ақы төлеуді енгізу, бір көзден сатып алуды қысқарту және тағы басқа бөліктерді қамтиды.

Р.ХАЛЕЛОВТЫҢ СУРЕТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
714 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»