Алаяқтар арбауын қояр емес!
Батыс Қазақстан облысында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында «Алдауға жол берме» атты кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру акциясы жүруде.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға 200-ге жуық полиция қызметкері, прокуратура өкілдері, танымал блогерлер мен қоғам белсенділері қатысып, тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Акция барысында полиция қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, интернет және телефон алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ азаматтарға жеке деректердің құпиялылығын сақтау, банк карталары мен есепшоттарындағы қаражатты қорғау жолдары түсіндірілді.
Әсіресе, өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалатын алаяқтардың әрекеттеріне, жалған инвестициялық жобаларға, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық схемаларына ерекше назар аударылды.
Акция аясында тұрғындарға цифрлық қауіпсіздік ережелері мен интернет кеңістігінде сақтық шаралары қамтылған арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Полиция қызметкерлері күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аудармауға және жеке мәліметтерді ешкімге бермеуге шақырды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарға басты қағиданы еске салды: егер белгісіз біреу өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, ақша аударуды, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды немесе құпиясөздерді сұраса, әңгімені бірден тоқтатып, ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз нақтылаған дұрыс.
Нұрай ҚАЙЫРОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру

