8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2026 359 0
Мәдениет

«Сабантой» көңіл-күй сыйлады

Орал қаласындағы Мәдениет және демалыс саябағында татар және башқұрт халықтарының ежелден келе жатқан ұлттық мерекесі –«Сабантой–2026» кең көлемде аталып өтті. «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараны қала тұрғындары мен қонақтар тамашалады.

Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қаныбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Мерекелік бағдарлама аясында көрермендерге татар халқының ән-күйі мен би өнері ұсынылды. Шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарламалар ұлттық мәдениеттің бай мұрасын танытып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында қатысушылар ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысып, этносаралық татулық пен өзара сыйластықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді.

Осылайша, «Сабантой–2026» мерекесі ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, өңірдегі қоғамдық келісім мен достықты нығайтуға үлес қосқан тағылымды мәдени шара ретінде есте қалды.

«Жайық үні»

Суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
250 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
290 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»