8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Шілде 2026 414 0
Экономика

БҚО-да 1 млрд теңгелік инвестициялық жоба іске қосылды

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жол бойында 1 млрд теңгенің инвестициялық жобасы іске қосылды. Сырым ауданының Жымпиты ауылында автогаз толтыру компрессорлық станциясы бар сервистік қызмет көрсету кешені ашылды.


Салтанатты рәсімге жиналғандарға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізген оның орынбасары Мирас Мүлкәй тоғыз жолдың торабында сервистік инфрақұрылымды дамыту әрі экологиялық таза отын түрін қолдануға бағытталған стратегиялық жобаның маңызына тоқталды.

– Мұндай станция өңірдегі республикалық маңызы бар автокөлік жолының бойында алғаш рет іске қосылды. Метанды пайдалану қоршаған ортаға зиянды азайтып, жасыл экономиканы дамытуға оң әсерін тигізеді. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тікелей тапсырмасымен биыл негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін 1 трлн 51,2 млрд теңгеге жеткізу міндеті жүктелді. Барлық бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, – деді Мирас Мүлкәй.

Жобаны «Алаш Метан» ЖШС жүзеге асырды. Сығылған табиғи газды қолданысқа беретін станцияның жылдық қуаты 21 млн текше метрге дейін жетеді. Кешенде бұдан бөлек жол бойы қызмет көрсету пункті, дүкен, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақ қарастырылған. Кәсіпорында 14 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.

Айта кетейік, Сырым ауданында биыл негізгі капиталға 10 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Қазіргі таңда жоспардың жартысы орындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»