8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2026 388 0
Білім

Шаттыққа толы шуақты жаз

Оқу жылы аяқталған соң балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру – олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, шығармашылық қабілетін шыңдап, жаңа ортада тәжірибе жинақтауына жол ашады. Осы бағытта биыл Орал қаласында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.


Орал қаласы білім беру бөлімі баспасөзінің мәліметінше, 2025-2026 оқу жылында жазғы демалыспен 59 884 оқушыны қамту жоспарланған. Бұл мақсатта білім беру ұйымдары жанындағы лагерьлерден бастап, қала сыртындағы сауықтыру орындары, туристік бағыттағы шатырлы лагерьлер мен қосымша білім беру ұйымдарының жобаларына дейін түрлі форматтағы демалыс бағдарламалары ұйымдастырылмақ.

Экологиялық мәдениетін қалыптастырады

Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жаз мезгілінде үш ай бойы 1 500 оқушының демалысын ұйымдастыруда. Мұнда балалар табиғатты танып-біліп қана қоймай, туристік машықтарын жетілдіріп, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Ал «Мирас» және «Рахат» шатырлы лагерьлерінде қаланың 53 мектебінен 1 700 оқушы тынығып жатыр. Бұл лагерьлерде туристік-өлкетану бағытына басымдық беріліп, қатысушылар табиғатты зерттеу, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын зерделеу жұмыстарымен айналысады. Жазғы маусымда жинақталған тәжірибе кейін ғылыми жобалар байқауларына қатысуға негіз болады.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»