«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұлттық ойындар жарысы өз мәресіне жетті
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету, жастар арасында адалдық құндылықтарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ұлттық ойындардан жастар арасындағы жарыстың салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсалов, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жарысқа қатысушылар мен белсенді жастар қатысты.
Жабылу салтанатында сөз сөйлеген Департамент басшысы М.Байсалов жастардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ұлттық ойындар тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар жастарды бірлікке, өзара сыйластыққа, әділ бәсекелестікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелейтін тиімді алаң болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары бойынша өзара бақ сынасып, ұйымшылдықтарын, ептіліктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын дәріптеу және құқықтық сананы арттыру бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қорытындысында Департамент басшысы М.Байсалов жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, жастардың бойында отансүйгіштік, ұлттық құндылықтар мен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру






