8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2026 413 0
Заң және тәртіп

Рұқсатсыз сауда жасамаңыз!

Орал қаласында рұқсат етілмеген орындарда қауын-қарбыз өнімдерін сатудың алдын алуға бағытталған кезекті рейдтік іс-шара өтті.


Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Конкина көшесі бойында рұқсатсыз сауда жасап отырған азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, рұқсат етілмеген орындарда кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік жөнінде ескерту берді.

Рейд қорытындысында заңсыз сауда жасау деректері анықталып, құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды ауыл шаруашылығы өнімдерін тек арнайы белгіленген сауда орындарында сатуға және сатып алушыларға да өнімді заңды сауда нүктелерінен алуға шақырады. Орал қаласы Полиция басқармасы заңсыз сауданың алдын алуға бағытталған мұндай профилактикалық рейдтерді алдағы уақытта да өткізеді.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
249 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
289 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»