8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2026 422 0
Заң және тәртіп

Ешкімге сенбеңіз!

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігіне қосымша санат ашып беремін деген желеумен алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, жәбірленушіге келтірілген шығын толық өтелді.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс Бөрлі ауданында тіркелген. Ақсай қаласының 47 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтыққа қатысты шағымданған.

Тергеу барысында бұрын танымайтын такси жүргізушісі жәбірленушінің ұлына жүргізуші куәлігіне қосымша санатты қысқа мерзімде рәсімдеп беруге көмектесетінін айтып сеніміне кіргені анықталды. Осы сылтаумен ол 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырады. Тәртіп сақшылары жүргізуші куәлігін алу, оған қосымша санат ашу, мемлекеттік қызметтерді жеделдетіп рәсімдеу секілді заңсыз ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
325 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»