Өңірде жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылды
Батыс Қазақстан облысында жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған тағы бір өндірістік нысан пайдалануға берілді. Бәйтерек ауданына қарасты Үлкен Шаған ауылы маңында «Приоритет» жол-құрылыс компаниясының модульдік асфальт-бетон зауыты жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өндіріс орнының техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Жаңа кәсіпорын толық автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Мұнда өндіріс үдерісін 20 маман қамтамасыз етеді. Зауыт сағатына 175 тонна өнім өндіреді. Құны 400 миллион теңгені құраған жобаның басты ерекшелігі – өндірістік кешеннің модульдік форматта салынуы. Бұл оны қажет болған жағдайда жол құрылысы жүргізіліп жатқан кез келген аумаққа қысқа мерзімде көшіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның іске қосылуы өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жол жөндеу жобаларының қарқынын арттыруға ықпал етпек. Қазіргі уақытта компания «Атырау–Орал» республикалық автожолының 372–432 және 432–492 шақырым аралығындағы учаскелерін орташа жөндеуден өткізуде. Жоба аясында 29 шақырым жолға ресайклинг технологиясы қолданылып, 120 шақырымға ірі және ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төселеді. Сондай-ақ жол бойына 18 жаңа аялдама павильоны орнатылады. Құрылыс жұмыстарына 110-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Асфальт қоспасының құрылыс алаңына жақын жерде өндірілуі материалдарды жеткізу уақытын қысқартып, логистикалық шығындарды азайтады. Бұл өз кезегінде жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзіміне оң әсерін тигізеді.
Өндіріс орнын аралаған облыс әкімі компания басшылығы мен еңбек ұжымын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жол саласын дамытудағы еңбектеріне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясында білім беру, мәдениет және креативті индустрияны дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті
«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды
Главой государства подписан Указ «О мерах по стимулированию и развитию индустрии цифровых активов в Республике Казахстан»
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Астана күнімен құттықтауы
Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады
Международные СМИ отметили устойчивость экономики Казахстана на фоне глобального замедления
Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Теңге получил конституционный статус национальной валюты Казахстана
Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Кіру




