ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заңға құрмет сезімін нығайтуға бағытталған «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде еліміз бойынша 267 «Жас сақшы» сыныбы бар. Онда бес мыңнан астам оқушы білім алады. Бұл жоба қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне назар аударып, елге қызмет етуге және құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын белсенді жастарды бір ортада біріктіреді. Полиция сыныптарындағы оқу үдерісі оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, тәртібін, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін дамытуға ықпал етіп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты тәрбиелеуге және жастар арасында полицей мамандығын насихаттауға ерекше назар аударылады. 2025-2026 оқу жылында жалпы саны 52 оқушыдан тұратын үш «Жас сақшы» сыныбының түлектері мектеп бітірді. Олар енді Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алуға ниетті. Бұл жоба ішкі істер органдары үшін кадрлық резерв қалыптастыруда өзінің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр.
Өңірлерде полиция сыныптарының алғашқы түлектерінің мектеппен қоштасу рәсімдері өтті. Алматы қаласында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов «Жас сақшы» сыныптарының түлектеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыстап, олардың патриотизм мен құқықтық мәдениетті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ақтөбе облысында полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев те бейіндік сынып түлектеріне сертификаттар табыстап, жастарды азаматтық жауапкершілік және қоғамға қызмет ету рухында тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизм, заң және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған маңызды жұмыстарының бірі болып қала береді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру