8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2026 40 0
Экономика

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды келісімге Шэньян шаһарында өткен халықаралық конференцияда қол қойылды.

Аспанасты еліндегі ауқымды іс-шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация арнайы қатысты. 50 мемлекеттің өкілдері бас қосқан жиында Қытайдың ірі өнеркәсіптік орталығы саналатын Ляонин провинциясының әлеуеті таныстырылды.

Конференцияның жалпы отырысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

– Батыс Қазақстан облысы — Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласында жариялаған «Бір белдеу — бір жол» бастамасының маңызды транзиттік торабы. Келіссөздер мен қолдаудың нәтижесінде қытайлық компаниялар сұйық метанол, цемент зауыттары, газтурбиналық және жел электр стансаларын салуға кірісті. Өзге де жоба-жоспарларымыз аз емес. Былтыр БҚО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1,5 есе өсіп, 175 млн АҚШ долларына жетті. Біз Ляонин провинциясымен инновациялық шешімдер, жасанды интеллект, өңдеу өнеркәсібі саласында инвестициялық байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайынбыз, – деді Нариман Төреғалиев.

Ляонин провинциясына қарасты шаһарлар әлемнің 96 қаласымен бауырлас. Бүгін бұл қатарға Батыс Қазақстан облысының орталығы да қосылды. Орал мен Цзиньчжоу қалаларының басшылығы бауырластық қатынастар орнату туралы ниеттестік хаттамасына қол қойды. Оның аясында тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-спорттық және өзге де маңызды бағыттар бойынша тұрақты байланыс орнатуға уағдаласты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
170 0
Құттықтаймыз!
Абыройға бөленген Айгүл ханым!
06 Маусым 2026
183 0
Өңір жаңалықтары
37 отбасы қоныс тойын тойлады
05 Маусым 2026
237 0
Қоғам
Деркөл тұрғындарымен кездесті
05 Маусым 2026
255 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
04 Маусым 2026
308 0
Қалалықтар қаперіне
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЛАҢЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
03 Маусым 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»