8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Маусым 2026 115 0
Руханият

Хамза кітапханасы алпыс бестің биігінде!

Батыс Қазақстан өңірінің рухани-мәдени өмірінде өзіндік орны бар Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына биыл 65 жыл толып отыр.

Осыған орай, бүгін, 9 маусым күні «Уақыт белесіндегі кітапхана: даму үрдісі мен болашағы» атты халықаралық мерейтойлық конференция БҚО Ғ.Құрманғалиев атындағы академиялық филармонияның «Атамекен» өнер ордасында кең көлемде аталып, Ақ Жайық өңірінің руханият пен кітапқа деген құрметін танытты.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері, жерлес жазушы Хамза Есенжановтың есімі берілген кітапхана жылдар бойы қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа өнегелі өмір жолын таныту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бүгінде кітапхана өңірдің рухани орталығына айналып, оқырман мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосуда.

Халықаралық конференцияға Ресей Федерациясының Самара қаласынан және еліміздің Алматы, Шымкент, Қостанай, Атырау қалалары мен өзге де өңірлерінен келген сала мамандары, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қаламгерлер, кәсіпкерлер, магистранттар, студенттер және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кітапхананың қалыптасу және даму тарихына арналған «Тәжірибе: дәуірлер тоғысында» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Басылымда кітапхананың алпыс бес жылдық шежіресі, түрлі кезеңдердегі жетістіктері мен кәсіби тәжірибесі кеңінен қамтылған.

Конференция аясында кітапхана мерейтойына орай бірқатар белгілі тұлғалардың бейнеқұттықтаулары ұсынылды. Олардың қатарында филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Хамза Есенжановтың келіні Дина Әнесқызы Есенжан, танымал жазушы Нұрдәулет Ақыш, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Қарсақбайқызы Сейітова және басқа да зиялы қауым өкілдері бар.

Жиын барысында қазіргі кітапханалардың қоғамдағы орны, цифрлық дәуірдегі даму бағыттары, кітап оқу мәдениетін арттыру мәселелері мен саланың болашағы кеңінен талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, кітапхана ісін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Тілек Александрұлы кітапхана ұжымын мерейтоймен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Салтанатты жиында сала ардагерлері мен кітапхана қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, бірқатар маман БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің «Алғыс хатына», сол секілді кәсіподақ пен мәдениет ұжымының марапатына ие болды.

Алпыс бес жылдық тарихы бар кітапхана бүгін де өз ісіне адал қызмет етіп, жас ұрпақтың білім мен руханиятқа деген қызығушылығын арттыру жолында нәтижелі еңбек етуде. Мерейтойлық жиын кітапхана ісінің өткеніне тағзым жасап қана қоймай, оның болашақ даму бағыттарын айқындаған маңызды басқосуға айналды. Түсауа шараға келген қонақтар Хамза атамыздың кітапханасын аралап, талантты шәкірттердің өнерін тамашалады. Тағы да үлкен жиын өтіп, бірнеше аудандық кітапханалар арнайы марапатқа ие болды.

Х.Есенжанов атындағы кітапхананың 65 жылдығына арналған шара туралы толықтай мақаланы «Жайық үнінің» келесі санынан оқи аласыздар.

Нұрай Қайырова,
суретке түсірген Мәди Салықов

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
163 0
Құттықтаймыз!
Абыройға бөленген Айгүл ханым!
06 Маусым 2026
176 0
Өңір жаңалықтары
37 отбасы қоныс тойын тойлады
05 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Деркөл тұрғындарымен кездесті
05 Маусым 2026
248 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
04 Маусым 2026
301 0
Қалалықтар қаперіне
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЛАҢЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
03 Маусым 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»