8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Маусым 2026 396 0
Заң және тәртіп

Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп базасында білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қызметкерлерімен және білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Департамент басшысы М.Байсалов, Облыстық білім басқармасының басшысы және қызметкерлері, сондай-ақ білім беру саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа талаптарды тәжірибеде қолдану және білім беру ұйымдарындағы кадрлық процестерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушылар білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік қызметшілер мен педагогтердің кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтау, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, әдеп нормаларын нығайту және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
273 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
250 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
288 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»