8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2026 90 0
Бәрекелді!

Мәдениет үйі мен кітапхана жұмыс істейді

Таяуда  Орал қаласының іргесіндегі Круглоозерный кентінде көптен күткен қуаныш – 250 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

 

 Ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, жобаның әлеуметтік маңызын атап өтті.  – Круглоозерный кентінің тұрғындары Мәдениет үйінің қажеттілігін көп жылдан бері көтеріп келді. Бұл мәселе менің тұрғындармен кездесулерім барысында да бірнеше мәрте айтылды. Сондықтан бүгінгі күн – кент тұрғындарының ортақ жеңісі әрі қуанышы. Инвестордың қолдауының арқасында әртүрлі буын өкілдерінің басын қосатын маңызды нысанды жүзеге асыруға мүмкіндік туды, – деді қала әкімі Мұрат Болатұлы.

Заманауи талаптарға сай бой көтерген әлеуметтік нысан кенттің жеті мыңнан астам тұрғыны үшін мәдени, шығармашылық және қоғамдық орталыққа айналды. Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимараттың құрылысы 2025 жылдың маусым айында басталып, 550 миллион теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды.

Жаңа Мәдениет үйінде алдағы уақытта концерттер, шығармашылық кештер, мерекелік және қоғамдық іс-шаралар, сондай-ақ тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған би үйірмелері мен түрлі секциялар жұмыс істейді. №14 қалалық кітапхана орналасқан ғимараттың маңызды ерекшелігі елдегі кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатпен үндес.

Еске салсақ, 2026 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, бұл бағытты мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған болатын.

Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің ертеңгі нөмерінен оқисыздар.  

                                              Даметкен Сағынбаева

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЛАҢЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
03 Маусым 2026
51 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»