БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады
Батыс Қазақстан облысында асыл тұқымды қой саны 83 мыңнан асты. Оның 90 пайызға жуығы еділбай тұқымына жатады. Бұл туралы «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы» халықаралық фестивалі аясында өткен форумда айтылды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен «Ауыл» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі іс-шара биыл екінші рет өтіп отыр. Форумға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин, «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев, сондай-ақ Қазақстан, АҚШ, Қытай, Ресей, Татарстан және өзге де елдердің агросектор өкілдері, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиында қой шаруашылығының қазіргі жағдайы, асыл тұқымды мал санын көбейту, ет экспортының әлеуеті, жүн мен теріні терең өңдеу, сондай-ақ салаға заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, еділбай қойының отаны саналатын Ақжайық өңірінде бұл саланың келешегін талқылаудың маңызы зор.
– Мемлекет басшысы Ауыл еңбеккерлерінің форумында мал басын еселеу және еліміздің халықаралық нарыққа ет экспорттаушы ірі держава ретінде мәртебесін бекіту туралы нақты міндеттер қойған еді. 2024-2025 жылдары облыс өз қажеттілігін қамтып қана қоймай, Әзірбайжан, Өзбекстан және Иран елдеріне 400 тонна қой еті, 4,2 мың бас тірілей қой экспорттады. Еліміздің өзге өңірлеріне 268 мың бас қой сатылды. Сан да, сапа да маңызды. Аймақта асыл тұқымды қой саны 83 мың бастан асты. Шаруаларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі жалғасады, – деді Нариман Төреғалиев.
Форум барысында саладағы инвестициялық жобалар таныстырылып, қой шаруашылығын цифрландыру, өнім сапасын арттыру және мал тұқымын асылдандыру бағытындағы ұсыныстар қаралды. Шетелдік және отандық мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, аграрлық саланың дамуына серпін беретін бастамаларды ортаға салды.
Фестиваль аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық ойындар мен мәдени шаралар ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушылар қой шаруашылығы өңір экономикасының маңызды бағыты екенін атап өтіп, бұл саланы дамыту ауылдағы кәсіпкерлікті жандандырып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік кешенді жоспар аясында асыл тұқымды қой сатып алуды 6 пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыруға арналған «Береке», «Игілік» және «Жайлау» бағдарламалары іске қосылды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды
Эксперт: миссия Курултая – согласовывать партийные ценности и национальные интересы
Бүгінде Құрылтай жаңа мазмұнға ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етуде
Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам кепілі» форумы өтті
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді

Кіру


