Облыс әкімі орталық даңғылдағы абаттандыру жұмыстарын тексерді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Назарбаев даңғылында жүргізіліп жатқан абаттандыру және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қаланың орталық көшелерінің бірі саналатын бұл аумақта жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктің сапасын арттыру және шаһардың сәулеттік келбетін жаңарту көзделіп отыр.
Жобаның жалпы құны 600 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріскен. Негізгі жұмыстар аясында ұзындығы 1 шақырымнан асатын жаяу жүргіншілер жолының ескі асфальт қабаты алынып, оның орнына заманауи төсемтастар төселуде. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жоба шеңберінде көше бойындағы арық жүйесін жаңарту қарастырылған. Бұл жауын-шашын кезінде судың жиналып қалмауына және аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етпек. Бұдан бөлек, даңғыл бойына көгал егіліп, сәндік ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Қазіргі уақытта нысанда жұмыс қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме қажетті құрылыс материалдары мен жұмыс күшінің жеткілікті екенін мәлімдеді. Жоспарға сәйкес, абаттандыру жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс.
Нысанды аралау барысында аймақ басшысы жауапты сала өкілдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, қала көшелеріндегі тазалық жұмыстарын күшейту, ескірген жарық бағаналарын жаңарту және абаттандыру сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Облыс әкімі қала басшылығына жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Әдемі Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды
Эксперт: миссия Курултая – согласовывать партийные ценности и национальные интересы
Бүгінде Құрылтай жаңа мазмұнға ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етуде

Кіру


