Офицер
Жас лейтенант қызмет жолын Батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде бастаған Жастілек Ақпалуанұлы алғашында взвод командирі болып тағайындалып, жауынгерлермен тікелей жұмыс істеудің жауапкершілігін сезінді. Кейін түрлі қызмет сатыларынан өтіп, 2026 жылдың қаңтарында рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілді.
Оның күнделікті тіршілігі қарапайым көрінгенімен, мазмұны терең. Таңертең сарбаздардың көңіл күйі мен денсаулығын бақылаудан басталатын жұмыс күні кешкі тәрбие сағаттарына ұласады. Жастілек үшін офицер болу – бұйрық берумен шектелмейді. Ол үшін ең бастысы – адаммен жұмыс. Сарбаздың сеніміне кіру, оның жан дүниесін түсіну, қиын сәтте тірек болу – міне, оның міндеті. Оның өмірлік ұстанымы да айқын: адамгершілік, тәртіп және әділдік. Осы қағидаларды берік ұстанған жас офицер әріптестері мен қарамағындағы жауынгерлер арасында сый-құрметке ие. – Патриотизмді даңғаза ұраннан емес, қарапайым істерден іздеймін. Еліме адал қызмет ету, өз міндетімді жауапкершілікпен атқару, айналама пайда келтіру – менің түсінігімдегі нағыз отансүйгіштік, – дейді офицер.
Нұрай ҚАЙЫРОВА
Жастілек Ақпалуанұлы туралы мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің ертеңгі №19 санынан толықтай оқуға болады.
Оқырман қауым, газетке жазылу басталды. «Жайық үніне» аға-ұрпақтың ерлігі, өнегелі өмір жолы туралы мақала күтеміз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру