Отанға адал азамат
«Туған жерге туыңды тік» дейді дана халқымыз. Ғұмырын әскери қызметке, ел қорғаны болуға арнаған азаматтардың бірі – Ұлттық ұланның ардагері, запастағы подполковник Бақытжан Бердиев.
Қазіргі жастарға үлгі болып жүрген кейіпкеріміз офицер болудың – жай ғана мамандық таңдау емес. Бұл – жүрек таңдауы, ар алдындағы жауапкершілік, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі екенін айтады.
1969 жылы қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданына қарасты Зертас ауылында дүниеге келгенол қарапайым еңбек адамдарының, көпбалалы әрі берекелі отбасының тәрбиесін көріп өсті. Әкесі мен анасы балаларына адалдықты, еңбекқорлықты, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуды үйретті. Осындай тәлім мен тәрбие оның болашақ тұлға болып қалыптасуына берік негіз қалады.
Мерзімінен бұрын «майор» әскери атағын алды. 1992 жылы әскери училищені аяқтаған жас лейтенант Бақытжан Бердиев жолдамамен КСРО Ішкі істер министрлігінің Жоғары курстарына жіберіледі. Қызметке кіріскен күннен-ақ оның бойындағы тәртіп, талапшылдық, ұйымдастырушылық қабілет басшылық назарын аударды. Курс басшысының бұйрығымен ол курсанттар взводының командирі болып тағайындалады. Иығына жаңа тағылған лейтенант шені – жай ғана әскери белгі емес, табанды еңбектің, төккен тердің, алған тәрбиенің жемісі еді. Ал алдындағы жас курсанттар – оның алғашқы шәкірттері, болашақ офицерлер болатын. Ол өз білгенін үйретіп қана қоймай, әскери өмірдің жауапкершілігін, тәртіп пен намыстың мәнін сіңіре білді. Жауынгерлік дайындықтағы жоғары көрсеткіштері, бөлімдегі тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастырудағы еңбегі үшін ол бірнеше мәрте марапатталды. Іскерлігі мен жеке тәртібінің арқасында қызмет сатысымен өсіп, рота командирі лауазымына дейін көтерілді.
1997 жылы Бақытжан Әбдуәлиұлы тарихи Отаны – Қазақстан Республикасына ауыстырылып, әскери қызметін жалғастырды. Ол әскери бөлімде оқу ротасының командирі қызметінен бастап, оқу бөлімінің аға көмекшісі, кейін оқу бөлімінің басшысының орынбасары секілді жауапты міндеттерді атқарды.
Бақытжан Бердиевтің өмір жолы – Отанға адал қызмет етудің, табандылық пен тәртіптің айқын үлгісі. Ол әскери қызметте жүріп кәсіби шеберлігімен, адамгершілік қасиетімен дараланып қана қоймай, зейнетке шыққаннан кейін де ел игілігі жолында еңбек етіп келеді.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Бақытжан Бердиев туралы мақаланы «Жайық үні» газетінің ертеңгі №19 санынан толықтай оқыңыздар, қадірлі оқырмандар!
«Жайық үніне» келесі 6 айға жазылу басталды. Бізбен бірге болып, еңбегі ерен адамдар туралы мақала жазып тұрыңыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
