БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңір халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
«Атамекен» өнер ордасында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысы батысқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, өңірде қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.
– Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен қорғаныс өнеркәсібін дамытуға облысымыз да өзіндік үлес қосып келеді. Күні кеше тарихы терең «Зенит» зауыты еліміздегі ең ірі көпфункционалды кемені жасап шығарды. Әскери теңіз күштерінің әлеуетін арттыра түсетін су көлігі Ақтау айлағына аттанды. Бұл – жергілікті кәсіпорын жұмысшыларының ерен еңбегі, – деді облыс әкімі.
Нариман Төреғалиев Отанды қорғау тек қарудың күшімен өлшенбейтінін, біліммен, еңбекпен және жауапкершілікпен де көрініс табатынын атап өтті.
– «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» демекші, әрбір азаматқа атамекеннің берік қалқаны болу – қасиетті борыш. Отан қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың перзенттік парызымыз, елге деген адалдық пен жауапкершіліктің көрінісі, – деді аймақ басшысы.
Салтанатты жиында қалтқысыз қызметі мен азаматтық белсенділігі үшін құқық қорғау, аумақтық департаменттер, әскери құрылым мен ҮЕҰ өкілдеріне алғыс хаттар табысталды. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония «Жасай бер, Ұлы Отан!» атты мазмұнды мерекелік концертін ұсынды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру



