8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2026 812 0
Заң және тәртіп

БҚО-да ағайынды екі жігіт фитозертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласында қарасора тұқымдас өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен туған екі ағайынды ұсталды. Олардың бірінің жеке үйінен желдету жүйесі мен жарықдиодты шамдармен жабдықталған, қарасора өсіруге арналған жасырын жертөле анықталды.

Оқиға орнынан 7 түп өсімдік, буып-түйілген өсімдік тектес зат, өсіруге арналған құрал-жабдықтар және 14 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Екінші күдіктінің пәтерінен арнайы жабдықталған екі жылыжай-шатыр табылды. Онда 22 түп қарасора, пакеттер мен ыдыстарға салынған өсімдік тектес заттар, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді.

Сонымен қатар ата-анасының пәтерінің балконының астынан өсімдік тектес зат салынған 560 сіріңке қорабы бар қап табылды. Алдын ала бағалау бойынша олардың құны шамамен 13 миллион теңгені құрайды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 18-20 келіні құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
43 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
217 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
269 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»