8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2026 73 0
Заң және тәртіп

Орал қаласында интернет-алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды

Орал қаласында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйелді ұстады. Ұстау «ANTI-FRAUD» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында және кейінгі жедел-іздестіру шаралары барысында жүргізілді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті «OLX» мобильді қосымшасы арқылы іс-шаралар өткізуге арналған кафені жалға беру туралы жалған хабарландыру орналастырған. Ол жәбірленушіні алдап, сеніміне кіріп, 165 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденген.

Жәбірленуші хабарландыруды көріп, өзін мекеменің «әкімшісі» ретінде таныстырған адаммен байланысқа шығып, банкет залын жалға алу шарттарын келісіп, көрсетілген шотқа ақша аударған. Алайда осыдан кейін күдікті байланысқа шықпай қойған.

Кейін әйел аталған мекемеге барған кезде, онда мұндай қызметкерлердің жұмыс істемейтіні анықталған. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды интернет арқылы мәміле жасау кезінде сақ болуға, бейтаныс адамдарға алдын ала тексерусіз ақша аудармауға және тек сенімді сервистерді пайдалануға шақырады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
26 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
34 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
181 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
225 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»