БҚО-да ғылым мен өндіріс байланысы жаңа деңгейге көтерілуде
Батыс Қазақстан облысында ғылымды дамыту, ғылыми жобаларды өндіріске енгізу және жоғары оқу орындарының әлеуетін нақты секторға бағыттау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыттағы өзекті мәселелер облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен ғылым жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында талқыланды.
Жиынға мемлекеттік орган басшылары, өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ ірі өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында аймақтағы ғылыми әлеуетті арттыру, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру, ғылым мен бизнестің байланысын күшейту мәселелері қаралды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналдыру жөніндегі тапсырмаларына тоқталды. Аймақ басшысының айтуынша, ғылыми ізденістер тек теориямен шектелмей, нақты өндірістік қажеттіліктерге жауап беруі тиіс.
– Ғылым мен бизнес арасындағы алшақтықты жойып, инновациялық әзірлемелерді тікелей өндіріске енгізуіміз қажет. Біздің басты мақсатымыз – өңірдегі ғылыми жобалардың нақты экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, – деді облыс әкімі.
Бүгінде өңірде ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған арнайы гранттық бағдарлама жүзеге асырылуда. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру тетіктері де күшейтіліп келеді. Сонымен қатар облыстағы жоғары оқу орындары Президент ұсынған ғылыми хабтарды дамыту бағыты бойынша бірқатар маңызды жобаларды қолға алған.
Атап айтқанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен жалпы құны 3,9 млрд теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске асырылуда. Ал Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 3 млрд теңгеге ғылыми зерттеулердің артықшылық орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті халықаралық консорциумдармен бірлесіп, энергия үнемдеу технологиялары және ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу бағытында жұмыс атқаруда. Жалпы, соңғы жылдары облыста 7 млрд теңгеден астам қаржыға ондаған қолданбалы ғылыми жоба іске асырылып, олардың басым бөлігі нақты экономика секторына бағытталған.
Кеңес қорытындысында облыс әкімі инновациялық жобаларды сапалы іріктеу, олардың өндірісте қолданылуын бақылау және өңірлік ғылыми кеңестің жұмысын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ғылым мен өндірістің өзара байланысын күшейту – өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі. Бұл бағыттағы бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Батыс Қазақстан облысының инновациялық дамуына серпін бермек.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру