«Әртүрліміз, бірақ мақсатымыз – бір…»
Тамыры терең тарихтан нәр алған елімізде татулық пен келісім – ең асыл құндылықтардың бірі. Жер жүзінің әр қиырынан келіп, бір шаңырақ астында табысқан халықтар бүгінде ортақ Отанын қадірлеп, болашағын бірге өріп келеді. Осы орайда біз әртүрлі ұлт өкілдерінің жүрекжарды тілектері мен ой-пікірлерін ұсынамыз.
Элгун ДЖАНАЛИЕВ, облыстық ассамблея жанындағы «Бірлік» әзербайжан мәдени-ағарту қоғамы» бірлестігі төрағасының орынбасары, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы өкілдігінің төрағасы:
– Қазіргі жастардың бойындағы ашықтық пен заманауи көзқарас татулықты сақтауда шешуші рөл атқарады. Бір-бірімен диалог еркін құра алады. Ортақ қызығушылықтары (еріктілік, спорт, IT) арқылы достық байланыс орнатады. Әзірбайжан және қазақ халқының тамыры бір, тарихы тағдырлас. Тілі – түркі тілдес халықтар ретінде сөздеріміздің ұқсастығы мен діни наным-сеніміміздің ортақтығы. Мәдениет пен әдебиетіміз Қорқыт ата мұрасынан бастап, заманауи классиктердің шығармаларына дейін ұқсас. Салт-дәстүрімізде қонақжайлық, үлкенге құрмет және отбасылық құндылықтарды сақтауға мән береміз.
Өзге этнос жастарының мемлекеттік тілді меңгеруі – бұл тек қарым-қатынас құралы емес, бұлазаматтық жауапкершілік пен құрметтің нышаны. Мемлекеттік тіл – барлық этностарды бір шаңырақ астына топтастыратын негізгі күш. Тілді білу арқылы жастар мемлекеттік қызметте, қоғамдық жұмыстарда және елдің ішкі саясатында белсенді бола алады. Тіл арқылы халықтың жанын, тарихын және болмысын тереңірек сезінуге болады. Біз әртүрліміз, бірақ мақсатымыз – бір. Еліміздің әрбір шаңырағында татулық, достық болсын! Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын!
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру