БҚО-да коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Батыс Қазақстан облысында энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларын жаңарту бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл жобалар тұрғындарды тұрақты әрі сапалы коммуналдық қызметпен қамтуға, инженерлік желілердің тозу деңгейін азайтуға және әлеуметтік маңызы бар нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі Мирас Зеріпбаев ЭКСЖ жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар барысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша атқарылып жатқан және аяқталған бірқатар нысандардың жұмысы көрсетілді.
Маңызды жобалардың бірі – №29 кәріздік сорғы станциясын қайта жаңарту. Жалпы құны 1,8 млрд теңгені құрайтын жоба іске қосылғаннан кейін 50 мың тұрғын мен 39 әлеуметтік нысанның су бұру жүйесі тұрақталады. Сондай-ақ жаңа абоненттерді қосуға мүмкіндік пайда болады. Қазіргі таңда станцияның жаңа ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
Орал қаласында ЖМ-7 магистралді жылу желісін қайта құру жұмыстары да жалғасуда. Жоба шеңберінде шамамен 1,8 шақырым құбыр жаңартылады. Аталған жылу желілері 35 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Құны 2,6 млрд теңге болатын жоба нәтижесінде 130 көпқабатты тұрғын үй, 10,1 мың тұрғын және 24 әлеуметтік нысан тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар Зашаған кентінде қуаты 4 МВт болатын «Саншкола» қазандығын жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Жобаның құны – 229,3 млн теңге. Жаңартылған қазандық өткен жылыту маусымында екі мектепті, полиция бөлімін және «Қазақтелеком» АҚ филиалын жылумен тұрақты қамтыды.
Электрмен жабдықтау саласында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Облыста электр желілерін қайта құру жобалары 6 аудан мен 31 елді мекенді қамтиды. Бұдан бөлек, Орал қаласында құны 3,5 млрд теңге болатын 165 шақырым 0,4 кВ әуе желісін ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар электрмен қамту сапасын жақсартып, желілердің тозу деңгейін қала бойынша 5 пайызға, облыс көлемінде 1,13 пайызға төмендетуге ықпал етеді.
2026 жылы Батыс Қазақстан облысында ЭКСЖ Ұлттық жобасы аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 10 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде 1113 шақырым электр желісі мен 2 қосалқы станцияны қайта жаңарту көзделген. Жобалардың жалпы құны 16,5 млрд теңгені құрайды.
Инженерлік желілерді жаңарту – өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі. Жүзеге асырылып жатқан жобалар нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық инфрақұрылымы жаңарып, жүздеген мың тұрғын сапалы қызметтің игілігін көреді.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру











