Таза Қазақстан: 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, қоғам белсенділері, ардагерлер мен жастар атсалысты.
Жиналғандар алдымен Шаған өзенінің жағалауын тазалап, абаттандырды. 500-ден астам адам қатысқан акцияда қарағай, үйіңкі, сүмбіл терек, шаған ағаштарының көшеттері отырғызылды.
Аймақ басшысы Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өңірде кең көлемде жүзеге асырылып жатқанын айтып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялаудың мемлекеттік маңызына тоқталды.
– 2024 жылдың сәуір айынан бері сенбіліктерге 500 мыңға жуық батысқазақстандық қатысты, 221 мың гектар аумақ тазартылды, 172 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды, 313 085 түп ағаш егілді. Ауқымды көгалдандыру аясында кейінгі 5 жылда облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында 41 млн дана ағаш, ал елді мекендерде 727 мың дана ағаш отырғызылды. Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады,- деді Нариман Төреғалиев.
Акция өңір аудандарында да ұйымдастырылды. 120000 мың адам белгіленген аумақтарды көң-қоқыстан арылтып, тал-теректер отырғызды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру









