8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2026 355 0
Заң және тәртіп

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails, https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, бойынша https://www.obozrevatel.com/ekonomika glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm) зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі. Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді. Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.

Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі. Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін. Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады: – SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу; – бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру; – бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін
енгізбеу; – барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу; – әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану; – бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.

Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
96 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
157 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
219 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
256 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
301 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»