8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2026 92 0
Наурыз

Жәңгір хан унвиерситетіндегі Наурыз-думан

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 22 Наурыз – Ұлыстың үлы күніне арналған «Наурыз-думан»  атты мерекелік шара өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген жоғары оқу орнының қызметкерлерін марапаттады.

Университет ауласында ұйымдастырылған мерекелік шара жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің мәні айшықталған Қыдыр ата мен Жер-ана туралы қойылыммен басталды. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.

Алдымен құттықтау сөз алған Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді, шақырулы қонақтарды Наурыз мейрамымен және Ораза айт мерекесімен құттықтады. – Тарихы тереңнен тамыр тартқан ұлттық мерекеміз – қай кезеңде де елдік пен бірліктің бастауы болып қала бермек. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен татулықтың, ырыс пен берекенің мейрамы. Университетімізде «Наурызнама» онкүндігі аясында мазмұнды әрі тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұның барлығы – жастардың жарқын болашағы үшін, – деді Асқар Мырзахметұлы.

Ал облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев елімізде 2024 жылы «Наурызнама» тұжырымдамасы қабылданып, соның аясындағы онкүндіктің атаулы күндермен жалғасып келе жатқанын айтып: – Бүгін – ұлттық спорт күні. Осыған байланысты сіздерді әз Наурыз мерекесімен және ұлттық спорт күнімен құттықтаймын. Наурыз – ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған салт-дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртатын ерекше күн. Сонымен қатар биыл Наурыз мерекесі қарсаңында ел тарихында айрықша өзгеріс орын алып, жаңа Конституция қабылданды, – деді. Бұдан соң Қайыржан Ермекұлы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген университет қызметкерлерін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.  

Мерекелік шарада университеттің өнерлі жастары халық әндері мен күйлерін, және ұлттық билерді орындап, жылылыққа толы мейрамның мәнін арттырды. Шара барысындағы ұлттық киімдер шеруінде тарих пен дәстүр заманауи сәнмен үйлесім тауып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

БҚАТУ баспасөз қызметі

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Наурыз
Дәстүр дәріптелген думан
20 Наурыз 2026
121 0
Құттықтаймыз!
Ораза айт құтты болсын!
20 Наурыз 2026
88 0
Құттықтаймыз!
«Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
19 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Құрметті оқырман!
19 Наурыз 2026
116 0
Мәдениет
Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы
18 Наурыз 2026
146 0
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
230 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
168 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»