8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2026 718 0
Құттықтаймыз!

Аймақ басшысы еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаевпен жүздесті

Бүгін облыс әкімі Н.Төреғалиев еңбек ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Дәулетжан Жақсыбаевты қабылдап, 75 жас мерейтойымен құттықтады.

Кездесу барысында аймақ басшысы мерейтой иесінің өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ оның саналы ғұмыры туған жерге адал қызмет етудің және елжандылықтың жарқын үлгісі екенін айтты.

Дәулетжан Әбдірахманұлы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, кейін білім беру мен қоғамдық салаларда жемісті қызмет атқарды. Ақжайық ауданында алғашқы мектеп-гимназияның ашылуына жетекшілік етіп, білім ордасының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Білім бөлімі мен кәсіптік-техникалық мектепке жетекшілік еткен кезеңде сала дамуына серпін беріп, бірқатар игі бастамалардың жүзеге асуына ықпал етті. Сонымен қатар әлеуметтік салада да табанды қызмет атқарып, ауданның ілгерілеуіне еңбек сіңірді. Партиялық қызметте және аудандық мәслихаттың хатшысы ретінде еңбек етіп, өңірдегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысты. Қазіргі таңда да еңбек ардагері жас буынға бағыт-бағдар беріп, ұрпақ тәрбиесіне белсенді араласып келеді.

Мерейтой иесі Дәулетжан Жақсыбаев өзіне көрсетілген құрмет үшін аймақ басшысына ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

Screenshot

Screenshot

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»