2026 жылы генеративті контент технологиялық эксперименттер санатынан біржола шығып, құқықтық реттеу нысанына айналды
Егер бұрын нейрожелі көмегімен жасалған кескіндер мен бейнелер зиянсыз цифрлық құрал ретінде қабылданса, бүгінде олар ақпараттық қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттер жекелеген ескертулер беруден мұндай контентті жасау мен таратудың нақты ережелерін бекітуге көшуде.
Әлем елдері таңбаланбаған немесе адастырушы ЖИ-контентке мүлдем төзбеушілік танытуда:
Үндістан: Премьер-министр Модидің дипфейгін жасағаны үшін қамауға алу.
АҚШ: «Синтетикалық адамды» таңбалаусыз пайдаланғаны үшін жарнама агенттігіне $5,000 айыппұл салынды.
Түркия: Министрдің жалған мәлімдемесі бар ЖИ-бейне үшін порталға жылдық айналымның 5% мөлшерінде айыппұл салынды.
Оңтүстік Корея: ЖИ-сұхбатты белгілемегені үшін медиа компанияға 30 млн вон ($22,000) айыппұл салынды.
Қытай: Жүргізушілер арасында дүрбелең тудырған «жолдың опырылуы» туралы ЖИ-суреттер үшін блогердің ұсталуы.
Германия: Сот шешімі: сатиралық сипат ЖИ-туындыларды таңбалау міндетінен босатпайды.
БАӘ: Қоғамды адастыруға және ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған ЖИ бейнелерін таратқаны үшін ұстау шаралары жүргізілді.
Ұлыбритания: Келісімсіз дипфейк жасауға тыйым салатын жаңа заң бойынша алғашқы талап-арыздар (2026 жылғы ақпан).
Пәкістан: Әскерилердің атынан жасалған «үкіметті сынау» ЖИ-аудиожазбасы үшін кибертерроризм бабымен қозғалған іс.
Канада: Митингілерге себеп болған «ғимараттың құлауы» ЖИ- рендері үшін айыппұл салынды.
Франция: «Версальдағы тәртіпсіздіктердің» ЖИ-фотосуреттерін жасап, таратқаны үшін интернет-ресурс бұғатталды.
Италия: «Болмыста жоқ ескерткіштердің» ЖИ-кескіндерін пайдаланған туристік агенттікке қарсы талап-арыз.
Жапония: Марқұм актердің ЖИ-көшірмесін барлық мұрагерлердің келісімінсіз пайдалану бойынша сот талқылауы.
Сингапур: «Шығанақтың ластануы» туралы ЖИ-кескіндер үшін жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл заңнамасы шеңберіндегі нұсқама.
Австралия: Профессордың ЖИ-клонын оның келісімінсіз пайдаланған онлайн-курс ұйымдастырушыларына айыппұл салынды.
Аргентина: Полицияға қарсы зорлық-зомбылыққа шақырған дипфейк жасағаны үшін ұстау.
Эстония: Мемлекеттік органдардың жауап беру стилін имитациялаған бот иесіне ресми ескерту жасалды.
Қазақстанда да ЖИ саласы енді «реттелмейтін аймақ» емес. Керісінше, оны қолдану салдары, ең алдымен, аудиторияны адастыру қаупі тұрғысынан қарастырылады.
2026 жылдың 17 наурызында Семей қаласының тұрғыны нейрожелі жасаған фотосуретті таратқаны үшін жауапқа тартылды. Генерацияланған кескін төтенше жағдай туралы шынайы хабарлама ретінде ұсынылып, әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырған. Нәтижесінде – ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша хаттама толтырылды.
‼ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы медиа өкілдері мен цифрлық контент жасаушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтауды, соның ішінде ЖИ-контентті міндетті түрде таңбалауды және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді ескертеді.
Азаматтарға таратылатын материалдарға сын көзбен қарап, дереккөздерін тексеріп, олардың дұрыстығына көз жеткізбей, әрі қарай таратпауға кеңес беріледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру