8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2026 2841 0
Жалын

Өңірлік кадр резерві – жаңа мүмкіндіктер алаңы

Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылы алғаш рет әр өңірде талантты жастар арасынан дарынды, жаңашыл ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді.
Мұндай жобалар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудың бірден-бір тетігі болып табылады.
Өңірлік кадр резервтерін қалыптастыру өңірлерді дамытудың ерекшелігі мен басымдықтарына қарай
7 бағыт (индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары, цифрландыру және экология) бойынша жүргізілді.
Нәтижесінде, өңірлік кадрлық комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 30 азамат іріктелді.
Резервке алынған адамдар резервте екі жыл тұрады және жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алады.
Өңірлік кадр резерві – жастарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Бұл жоба арқылы көптеген жас мамандар өз әлеуетін жүзеге асырып, мемлекеттік қызмет саласында табысты мансап құруда.
Бүгінгі таңда резервшілердің 73 пайызы әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасты, оның ішінде 18 резервші ілгерлетілді.
Атап өтсек, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтар қатысуға жіберілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
101 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
348 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»