БҚУ-да жаңа Спорт сарайы ашылды
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жанындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағында жаңа «БҚУ Спорт сарайы» салтанатты түрде ашылды.
Университет инфрақұрылымын стратегиялық жаңғырту аясында жүзеге асқан жоба – оқу ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Жалпы ауданы 1386 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысан университеттің өз қаражаты есебінен салынды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт сарайы білім беру процесін қамтамасыз етуге, студенттердің практикалық даярлығын арттыруға және студенттік спортты дамытуға арналған.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, қала әкімінің орынбасары Арсен Губашев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев пен М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев қатысып, университет ұжымына табыс тіледі.
Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев құттықтау сөзінде: – Бүгін баршаңызды Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің спортсарайы ғимаратының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа «Спортсарайының» ашылуы – болашаққа жасалған сенімді қадам. Өйткені кез келген мемлекеттің қуаты – білімді, дені сау, рухы мықты жастардың қолында. Спорт адамды тәртіпке, жауапкершілікке, ортақ мақсат жолында бірігуге үйретеді. Ал бұл қасиеттер ел дамуы үшін аса қажет, – деп атап өтті.
Жаңа «БҚУ Спорт сарайы» – академиялық ортаға ықпалдастырылған заманауи оқу-жаттығу кеңістігі. Нысанның функционалдық мүмкіндіктері дене шынықтыру пәндері бойынша сабақ өткізуге, практикалық даярлық ұйымдастыруға, спорт секцияларының тұрақты жаттығу процесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
Бірінші қабатта ауыр атлетикаға арналған арнайы жабдықтармен қамтылған көпфункционалды спорт залы, жалпы дене дайындығы мен гимнастикалық аймақтар орналасқан. Студенттер үшін киім ауыстыру бөлмелері, душ және санитарлық тораптар, жеке шкафтар қарастырылған.
Екінші қабатта күрес залы, бокс рингі, гимнастика залы және жалпы дене дайындығына арналған қосымша аймақ бар. Сондай-ақ оқытушылар құрамына арналған киім ауыстыру бөлмелері мен қызметтік кабинеттер жабдықталған.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай
Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – «Жер сағаты» акциясы өтеді
Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому 27 марта 2026 года
Будущее рынка ГСМ: эксперты обсудили вызовы либерализации ценообразования
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Кіру