«Судың да сұрауы бар…»
Қазанның 31 – күні облыстық халық шығармашылығының үлкен залында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының тұрғындарымен кездескен болатын. Осы жиында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов ең маңызды мәселе – суды үнемдеу керегін тұрғындарға қатаң ескертті. Таза ауыз суды көлік жуу немесе бау-бақша суару секілді мақсаттарға шектен тыс пайдалану жағдайлары жиі кездесетінін атап өтті.
Жалпы, халықтың әл – ауқатын жақсарту бағытында атқарылған ауқымды істер туралы баяндаған шаһар басшысы өлкеде жарық, жылу және ауыз су сияқты негізгі коммуналдық бағытта бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылғанын, өткен жылы қалада 1,3 млрд теңгеге бір магистралдық желіні қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 63 көп қабатты тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысан тұрақты жылумен қамтылғанын айтты.
Құны 9,9 млрд теңге болатын ірі магистралдық жылу желісін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, жобаның нәтижесінде 75 көпқабатты тұрғын үй мен 7 әлеуметтік нысан тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етілген. Бұған қоса, алдағы екі жыл ішінде тағы 3 магистралдық желіні жаңғырту жоспарланып отыр. Сол секілді ауыз сумен қамту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылып, барлық 22 су жинау ұңғымасы қалыпқа келтіріліп, 22 тереңдік сорғы орнатылған. Өндірілген су көлемі соңғы бес жылмен салыстырғанда тәулігіне 19 мың текше метрге ұлғайып, су тапшылығы мәселесі ішінара шешімін тапқан.
«Судың да сұрауы бар» деген нақылды алға тартқан қала әкімі М. Байменов: – Барлығымыз да суды үнемдеп, оған ұқыпты қарауымыз қажет. Шағын және орта кәсіп иелері де суды үнемдеп, оны қайта өңдеуде әлемдік тәжірибеге сүйену керек, – деді.
Бұл туралы газеттің осы бейсенбідегі санынан толығырақ оқисыздар.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру