8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2024 5623 0
Қоғам

Қаржылық сауаттылық қажет пе?

Қазақстандағы ата-аналардың 78%-ы мектеп қабырғасында қаржылық сауаттылық сабағын енгізуді қолдайды.


Алайда осы күні бұл жұмыс бейінді емес мұғалімдерге, яғни қазақ тілі, тарих, еңбек, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдеріне жүктелген. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жөніндегі кеңес барысында белгілі болды.

– Білім беру процесіне қатысушылар арасында қаржылық сауаттылыққа оқыту формасы мен ұйымдастырылуы туралы бірыңғай түсінік жоқ. Оны әркім өз деңгейінде, яғни «курс» ретінде немесе таңдау пәні ретінде, тіпті белгілі бір пән аясындағы бөлім ретінде ұсынады. Мұғалімдердің 80%-ы «Жаһандық құзыреттілік» пәні аясында қаржылық сауаттылықты оқытуға арналған оқулықтар мен әдебиеттердің жоқ екенін айтады. Ал 19%-ы өз мектептерінде қаржылық сауаттылық мүлдем оқытылмайтынын мәлімдеді,- деді «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Ақмарал Бекмұрзаева.

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»