8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Ақпан 2024 2242 0
Бәрекелді!

Бүгін – Ұлттық басылым күні

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді.  Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

111 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты.

Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмут Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қазақ қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады.

Қазақ зиялылары құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар көзі болды. Сол себепті осы датаны Ұлттық басылым күні ретінде атап өтудің маңызы зор.

1992 жылдың 1 қаңтарынан бері Орал шаһарының  тыныс-тіршілігін БАҚ бетінде үзбей жариялап, апта сайын қалың оқырманымен тілдесіп келе жатқан ақпарат айдыны – «Жайық үні» газетінің де бүгін төл мерекесі. 33 жыл бойына оралдықтарды жағымды жаңалық пен танымды мәліметке қанықтырған газетіміздің әлі де айтары бар, жазары көп.

«Жайық үні» газетінің редакция алқасы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
100 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
190 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
229 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
268 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»