8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2024 2465 0
Білім

Талапкерлердің ҰБТ-ға дайындалуы үшін қандай жағдайлар жасалды?

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты одан әрі жақсарту мақсатында жағдай жасап жатыр.


Оқу жылының басында ҰТО-ның сайтында ҰБТ-ға дайындалуға ұсынылған оқулықтар тізімі, үлгілік тест тапсырмалары, тест спецификациялары және жоспары жарияланды.

Талапкерлерге жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінен Тарих институтымен бірлесіп бекітілген 100 дата тізімі ұсынылды. Тестілеу барысында датаға қатысты кездесетін сұрақтар тек осы хронологиялық кестеден болады.

Сондай-ақ, ҰБТ-да Қазақ әдебиеті мен Орыс әдебиеті пәндерінен кездесетін шығармалар тізімі (мектеп бағдарламасынан), сондай-ақ Информатикадан ҰБТ сұрақтарында кездесетін немесе сұрақтың мазмұнын түсіну үшін қажет терминдер тізімі ҰТО сайтында орналастырылды.

«Талапкерлерге тиімді болу үшін ҰБТ-ға дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қостық. Байқау сынағын өту кезінде түсуші тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәндері бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Менің ойымша, бұл балаларға өз дайындықтарын одан әрі жақсартуға көмектеседі», – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар 2024 жылғы түлектер үшін білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Бұл сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өтіп, сақталады. Талапкерлер кез келген уақытта оларды қайта қарай алады.

Ұлттық тестілеу орталығы ҚР ҒЖБМ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
46 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
218 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
270 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»