ҚАЗАҚҚА ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЖАҚЫН?
Міне, көзді ашып-жұмғанша, 2019 жыл да келіп қалды. Шыны керек, соңғы жылдары Жаңа жылдың да мәні мен сәні кетіп бара жатқандай… Жаңа жылдың «сиқырлы» күндерінде армандардың орындалуына сенетіндер де азайып барады… Шын мәнінде қазақтың Жаңа жылы қайсысы: күн мен түн теңесетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз ба, әлде Қаңтарда ма?

Албена ҚУАТОВА, қаладағы №45 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
– Жаңа жылды тойламаймыз, бірақ қарсы аламыз. Себебі жыл жаңарады. Дүние жүзі бойынша жыл өзгеретіндіктен, ел болып қарсы аламыз. Ал наурызды тойлауымыз керек. Алайда өңірімізде Наурыз мерекесін тойлауда жайбарақаттық басым. Жаңа жылдағыдай балаларға сыйлық сыйлап, Қыдыр ата келеді деген түсінік қалыптастырсақ… Жаңа жылда шыршаларды ерте құрып дайындалғанымыз сияқты наурыз айы басталысымен көшелерде киіз үйлер құрылып, ұлттық ойындар ойналып, ұлттық дәстүрге құрмет көрсетілсе, балалар да ұлттық мейрамды сезінер еді. Әйтпесе, әр жерде концерт өтіп жатады. Оны көпшілік халық білмей де қалады. Және оған кез келген адам бара алмайды. Сондықтан мұндай концерттер әр орталық көшеде ұйымдастырылса, жұртшылық тарапынан құлшыныс пен қызығушылық болар еді. Ал өз отбасымызда наурыз кезінде ғана балалармен ұлттық ойындар ойнап, ұлттық тағам түрлерін пісіріп, келген қонаққа ұсынуға дайындаламыз. Келген қонақтардың да ұлттық киім киіп келуін талап етеміз. Қонақтармен түрлі ұлттық ойын түрлерін бірге ойнаймыз. Бұл дәстүрімізге айналды десе де болады. Жалғыз мен емес, көптеген адамдар осы пікірді қолдайды. Наурыздың қоғамдағы рөлін күшейту үшін көп болып бірігу керек деген ойдамын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу