8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Желтоқсан 2023 3333 0
Қоғам

Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алатын болады


Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды терминалдар арқылы беретін пилоттық жоба іске қосылмақ. Мұндай құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды.

Ішкі істер министрі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды және жеке куәліктерді терминал арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы бірлескен бұйрығының жобасы 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобада құжаттама терминалдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде орналасады және биометриялық авторизациядан кейін беріледі.

Бұл республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында альтернативті құжат алу жолы ретінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

Қауіпсіздік мақсатында терминалға басқа құрылғыларды қосу қарастырылмаған.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»