8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2023 3096 0
Мәдениет

Ұлылық пен сұлулықты адамзат жүрегіне ұялатқан…


Бүгін, қарашаның 10-ы күні«Атамекен» өнер ордасының көрме залында С.Айтпаев атындағы көркемсурет галереясы қорында сақталған танымал қылқалам шеберлерінің туындыларынан «Сырдың сырлы әлемі» атты көрмесінің ашылу рәсімі болды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұханғалиев: – Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорында 800-ге жуық құнды туынды бар. Галерея қорынан елімізге танымал қылқалам шеберлері мен облыс суретшілерінің 73 шығармасы көрмеге қойылды. Барлықтарыңызға сәттілік! Көрмені тамашалауға қош келдіңіздер! – деді.

Бұдан кейін Қызылорда облыстық тарихи-өлке тану музейінің директоры, Сапар Көзейбаев жылы шыраймен қарсы алған Жайық жұртына алғысын айтып,«Атамекен» өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла мен Қуандық Мәдір, суретші Нұрбек Жәрдемовке Алғыс хат пен сыйлық табыстады.

Сондай-ақ «Атамекен» өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла: – Өнер –тұтас ұлттың киесі, сан ғасырлар бойы жинаған мұрасы. Адам тілімен айтып жеткізе алмас бар ұлылық пен сұлулықты адамзат жүрегіне ұялатып жазып берер құдірет,-деді. Бұдан соң Қызылорда облыстық тарихи-өлке тану музейінің директоры Сапар Көзейбаевқа Алғыс хат пен сыйлық тарту етті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»