Интернет-кеңістікте деструктивті сипаттағы материалдар жойылды

Интернет-кеңістікте деструктивті сипаттағы 97 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Kazinform.
«Интернет-кеңістікте жүйелі түрде діни экстремизмнің алдын алу және қарсы насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Контентті анықтау мақсатында тұрақты негізде интернет-кеңістікке мониторинг жүргізіледі. Діни тақырыптағы құқыққа қайшы және резонанстық материалдарға ден қоюға көмектесетін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Жұмыс нәтижесінде 97 мыңнан астам деструктивті сипаттағы сілтеме бұғатталды. Қазақстандық қолданушылар үшін 248 материалға қолжетімділік бұғатталып, 2 971 материал жойылды», – деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.
Премьер-Министрдің жауабына қосымша берілген анықтамалық материалға қарағанда 20 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттау көздерінен бас тартты. 2023 жылдың басынан бері желілерде экстремистік материалдарды таратқаны үшін 70-ке жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/batis-kazakstanda-kizilshamen-auirgandar-sani-100-den-asti-9669f0/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру