8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2023 2942 0
Оқиға

Тонау қылмысын жасаған күдіктіні анықтады


Орал қаласында Абай Пб криминалдық полиция қызметкерлері тонау қылмысын жасаған күдіктіні ұстады.

18 қазан күні 9 жасар жасөспірім үйіне келіп, ұялы телефонының жоғалғанын айтып, болған жағдайды әкесіне баяндап береді. Одан әрі әкесі мен баласы полицияға жүгінеді. Әңгіме барысында ұлы аулаға бейтаныс ер адам келіп, оның көзін басып, ойнағандай сынай танытып, кейін кетіп қалғанын айтады. Жасөспірім ер адамның түр-тұлғасын сипаттап берді.

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қ. ПБ Абай Пб криминалдық полиция қызметкерлері орнатылған бейнекамералар арқылы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 1986 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды және одан кәмелетке толмаған оқушының ұялы телефоны тәркіленді.

Күдікті Орал қ. ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
51 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
219 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
271 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»