Қазақ жырының Қадыры

Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына орай «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы, қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше, халқымыздың аяулы ұлы, ақиық ақын Қадыр туралы мағлұмат беру, ақынның туындыларын әр өскелең ұрпақтың жүрегіне дарыту, ақынның бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру, жерлес ақынымыздың өлеңдерін сүйіп оқуға тәрбиелеу мақсатында «Қазақ жырының Қадыры» тақырыбында қызмет алушыларымыздың қатысуымен әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Шараны кіріспе сөзімен орталығымыздың директоры Арман Уразгалиұлы сөз сөйледі. Мәдени ұйымдастырушысы Маржан Жардемқызы қызмет алушыларымызға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында түсінік берді. Әдеби кештің өтуіне себепкер болған «Қазақстан журналистер одағының» мүшесі, Қадыр Мырза Әлі өлеңдерін насихаттаушы Батыс Қазақстан облысының белгілі фотографы Рафхат Халелов ақынның шығармашылығы мен қатар ақын суреттерінен бейнеролик дайындап қызмет алушыларымызға су жаңа кітаптар кітапхана қорына табыстады.
Әрі қарай Қ.Мырзалиевтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Тамды ару» әнін мәдени ұйымдастырушысы Маржан мен Мөлдір орындап берді. Содан соң қызмет алушыларымыз ақынның ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір қазақ халқының мінез-құлқына арналған «Қонақ пен қазақ», «Туған жерді тағыда..», «Апам неге жылады?», «Туған жердің ауасы» атты өлең жырларын оқып берсе, орталығымыздың вокальдық тобы «Тамаша» әнін орындап берді.
Өзің шыққан биіктер талай заңғар,
Дейтін емес қыран – жыр қалай самғар.
Сен өмірден өтсең де,
Қайран Қадыр,
Қалды артыңа өлмейтін талай томдар, – деп «Атамекен » әнімен кеш те аяқталды.
Динара Мұратбекқызы
Фото: Рафхат Халелов
Соңғы жаңалықтар
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру
Пікір үстеу