САДАҚТАН – САЙЛАУҒА: ЛҰҚПАНОВТАР ОТБАСЫНЫҢ ТАҢДАУЫ
Бүгін, 23 тамыз күні дәстүрлі садақ атудан ел намысын қорғап жүрген садақшылар, ерлі – зайыпты Мұрат Лұқпанов пен Гүлайым Лұқпанова Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.

Мұрат Лұқпанов – дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының чемпионы, 2026 жылғы Түркістанда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2026 жылы Стамбулда өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері, “Ақ бидай–2025” ауыл спорты ойындарының “Пута” нысанасы бойынша чемпионы, сондай-ақ республикалық жарыстардың жүлдегері.
Ал Гүлайым Лұқпанова – дәстүрлі садақ атудан өңір намысын қорғап жүрген садақшы. Ол “Ақ бидай” ауыл спорты ойындарында үздік нәтижесімен көзге түсіп, үздік бестіктің қатарына енген.
Спортта дәлдік пен нысанаға бағыттылық маңызды болса, ел өмірінде әр азаматтың таңдауы да маңызды. Ел намысын спортта қорғап жүрген Лұқпановтар отбасы бұл жолы азаматтық ұстанымдарын білдіріп, Құрылтай сайлауында өз дауыстарын берді. Дәл таңдау – жарқын болашаққа бастар жол!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру