«Алтын той» иелері маңызды науқанға қатысты
Жарсуат ауылындағы №108 сайлау учаскесіне өз дауыстарын беруге «Алтын той» иелері Уразовтар жанұясы келді. Отағасы Амандавлет Уразов 1948 жылы Жарсуат ауылдық округіне қарасты Қарашығанақ ауылында дүниеге келген.
Ал жұбайы Қаламқас Жұмашева қазіргі Кеңтүбек ауылының тумасы. Амандавлет ағамыз мектеп бітіргеннен кейін Бөрлі техникумында білім алып, еңбек жолын өз туған жерінде бастаған. Ол ұзақ жылдар бойына Жарсуат ауылдық округінде бригадир, инженер-механик, ауылдық кеңестің төрағасы сияқты түрлі жауапты қызметтерді атқарған.
Ағамыз бір жылдары «Ақсайгазпромэнерго» компаниясында да жұмыс жасап, адал еңбек еткен. Жалпы 47 жыл еңбек етіп, 2012 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Ал Қаламқас апамыз Ақсай қаласындағы статистика басқармасында адал еңбек етіп, 2007 жылы зейнетке шыққан. Апамыздың еңбек өтілі 25 жыл.
Амандавлет ағамыз бен Қаламқас апамыз 1976 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде “Алтын той” иелерінің 1 ұл, 1 қыздан 4 немере мен 2 шөберелері өсіп келеді. Үлгілі отбасының негізін қалаған Уразовтар әулеті бүгінгі жас отбасыларға үлгі.
– Бүгін біздер сайлауға өз дауысымызды беруге келдік. Еліміз үшін маңызды науқанға әр азамат қатысуға міндетті. Бастысы еліміз дамып, көркейе беруін тілеймін, – деп «Алтын той» иелері учаскеге жиналған халыққа өз баталарын берді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру
