Кәмелетке толмағандар ұсталды
Орал қаласы аумағында ағымдағы жылдың қаңтар айының 27-сі мен ақпан айының 6-ы күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Түнгі рейдтің бірінші күні шараға полиция қызметкерлерінен бөлек Прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен үкіметтік емес ұйымдарының еріктілері қатысқан болатын. Нәтижесінде қала аумағында орналасқан 19 компьютерлік, 5 түнгі клуб, 12 кафе-бар тексеріліп, түнгі мезгілде ойын сауық орталыққа заңды тұлғасысыз жасөспірімдерді кіргізгендігі үшін 3 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБК-нің 132 бабы бойынша жауапкершілікке тартылса, 4 ата-анаға балаларын сол орталыққа жібергендері үшін ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1-бөлімі негізінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сағат 23.00-ден кейін үй жайдан тыс жүрген 17 кәмелетке толмаған бала ұсталып, олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылды.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды тұтынудың алдын алу. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 5 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Тәртіп сақшылары түнгі сағат 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 5 жасөспірімді анықтады. Аталған жайт бойынша олардың ата-анасына ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша – 5 хаттама, ал ойын-сауық мекемесінің иелеріне осы кодекстің 132-бабымен толтырылды. Түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 37 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына Әкімшілік кодекстің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы түзілді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары дәмхана, дүкен иелеріне кәмелет жасына толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуға болмайтынын ескертіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуді жалғастыруда.
Құрметті ата-ана! Түнгі мезгілде үйден тыс жүрген балаңыз құқық бұзушылық жасауға немесе оларға қатысты заңсыз әрекеттерге әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан балалардың қауіпсіздігі мен оларды тәрбиелеу үшін жауапкершілік туралы ұмытпайық!
Гүламан ИСМАҒҰЛОВА
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу