8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2022 2685 0
Қоғам

Екі қабатты тұрғын үй ауласымен қоса өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданында Орал қаласына іргелес орналасқан Мичурин ауылында болған.«Сағат 11.43-те Школьная көшесі 11-мекенжайдағы үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде жалпы ауданы 260 шаршы метр екі қабатты үйдің мансардасы отқа оранғаны анықталды. Сондай-ақ ауладағы бөлек тұрған 150 шаршы метр қора-қопсы мен 4 рулон шөп өртенген. Сағат 15.03-те ауыздықталған өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында мамандар жұмыс жасады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде барлығы 518 өрт тіркелсе, соның 320-сы тұрғын үй секторында болды.Өрттен келген шығын 213 млн 138,7 мың теңгені құрады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
121 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»