8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2022 2639 0
Қоғам

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯМЕН АУРУШАҢДЫҚ ДЕҢГЕЙІ КҮРТ ӨСУДЕ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Күлбарақова айтты.

Облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғаннан вакцинаның І компонентімен 258 901 адам егілді. Бұл жалпы жоспардың 62,4 %-ын құрайды. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасын 184 778 адам, «QazVac» вакцинасын 20 136 адам, «Hayat – Vax» вакцинасын 25 000 адам, «Corona-Vac» вакцинасын 7 729 адам, «Vero Cell» вакцинасын 21 256 адам алды.

Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 245 373  адам егілді.
Қазіргі таңда Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 6 301  адам алды, оның ішінде 3 332-сі жасөспірім, 220-сы жүкті және 2 749-ы бала емізетін әйелдер.

Бүгінде облысымыздың  24 574 тұрғыны  ревакцинациядан өтті.

«Өздеріңіз көріп тұрғандай,коронавирустық инфекция бойынша ахуал облыс бойынша да республика бойынша да нашарлауда. 6  қаңтардан бері облысымыз бойынша коронавирустық инфекциямен аурушаңдық деңгейі күрт өсуде.  Сондай-ақ жаңа «омикрон» штаммымын жұқтыру қаупі бар екенін ескеру керек», – деді А.Күлбарақова.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
60 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
221 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
272 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»