8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2022 2461 0
Қоғам

ДӘРІГЕР ОМИКРОН ШТАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АТАДЫ

Ресейлік иммунолог Владимир Болибок омикрон штамының ерекше белгілерін атады.

Оның айтуынша, COVID-19-дың басқа штамдарынан айырмашылығы омикрон жұқтырғандарда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі.

«Бұл плевраға әсер ететін пневмонияға шалдыққандарға тән болды. Омикрон да пневмония туындатуы мүмкін. Адамдар бұл пневмония салдарынан ауыр жағдайда қайтыс болады, бірақ оларда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі», – деді Болибок «Москва 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол омикрон штамына тән белгілерді атады.

«Омикрон штамының белгісі – қатты тамақ ауруы, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел. Оған қоса температура көтерілуі, қатты әлсіздік пен бас ауруы қосылады», – деп түсіндірді Болибок.

Сондай-ақ, ол осы штамды жұқтырған кезде иіс сезу қабілеті жоғалуы мүмкін екенін, бірақ бұл симптом адам сауыға бастағанда болатынын айтты.

Tengrinews.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
60 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
221 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
272 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»