8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2022 2036 0
Қоғам

Мәди ГАБДУЛОВ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

– Биылғы жаңа жылдың табалдырығын Қазақстан ерекше жағдаймен аттады. Алғашқыда сұйытылған газ бағасының еселеп артуына байланысты басталған халықтың наразылығын теріс пиғылды топтар өз мақсаттарына пайдаланып кетті.
Бұндай жағдайға Қазақстан қалай жетті? Кімнің тарапынан, қандай кемшіліктер жіберілді? Неге біз тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесінде осындай келеңсіз жағдайға тап болдық? Әрине, болған жағдайларды кәсіби сарапшылар, саясатшылар саралап, қорытындысын шығарып, бағасын берер әлі.
Бүгінгі күннің басты мәселесі – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, елдің тыныштығын сақтау. Ең бастысы, Мемлекет басшысының істің мән-жайын тез арада анықтап, шұғыл нақты шараларды уақтылы жүзеге асырды. Осындай сын сағатта Президентіміз Ұжымдық қауіпсіздік достастық ұйымына өтініш жасады. Бүгінгі күні Президенттің бұл қадамын іштен де, сырттан да сынаушылар бар. Алайда «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» демекші, мұндай жағдайда Қасым-Жомарт Кемелұлының достастық елдерге өтініш жасауы уақтылы қабылданған дұрыс шешім болды. Қазақ елінің болашағы, тәуелсіздігі үшін жерлестерімді Мемлекет басшысын қолдауға шақырамын. Болған істен нақты қорытынды шығарып, сабақ алуымыз керек.
Бүгінгі күні қандай саланы алатын болсақ та, шешуін қажет ететін проблема жетерлік. Жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді саралай отырып, ілгері дамудың жолын ойластыруымыз қажет. Ел Президенті Қ.Тоқаев «Демократия ойына келгенін жасау емес» деп атап өтті. Дегенмен, болашақта бұндай тығырыққа тірелмес үшін халық өз ойын ашық айта алуы керек. «Сын түзелмей мін түзелмейді» дейді дана халқымыз, әрбір қадамымызға, іс-әрекетімізге сыни көзқарастың болуы шарт.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
325 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»