БАҚҰЛ БОЛ, АРДА АЗАМАТ!
Қазанның 9-ы күні ардагер, ел ағасы Зиннат Ғұбашев 82 жастан асқан шағында өмірден өтті.
Зиннат Губашев 1939 жылы мамырдың 1-і күні Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Бозоба ауылында (бұрынғы Коминтерн) дүниеге келген.
1946-1954 жылдары Киров атындағы орта мектепті тәмамдап, комсомол жастар жолдамасымен шопан болып, өз алдына бір отар қой алып, еңбекке араласады. Жас маманның еңбегі жанып, 100 қойдан 123-тен қозы алып, Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып, арнайы төсбелгімен марапатталады.
1957 жылдан Коммунистік партияның мүшесі. 1961 жылы Жәнібек ауданындағы кәсіптік-техникалық білім мекемесін «Кең профильды «тракторшы-машинист» мамандығы бойынша бітіреді.
1963-1965 жылдары Орал қаласындағы ауылшаруашылық техникумында «Экономист-бухгалтер » мамандығын алып, Тереңкөл совхозында, Мереке ауылында, XXIV партия съезі совхозында қызметін жалғастырады.
1974-1989 жылдары Қазталов аудандық ауылшаруашылық басқармасының ауданаралық ревизоры, Қазталов аудандық шаруашылық есептегі құрылыс участкесінде бас бухгалтер болады.
1989-1995 жылдары Қазталовка селолық Советінің және Қазталов аудандық халық депутаттары Советінің депутаты болып сайланған, аталған жылдары Қазталов селолық советінің төрағасы қызметін атқарды.
Зиннат Губашев советті басқару жылдарында аудан орталығын абаттандыру, көгалдандыру «Үлгілі үй», «Үлгілі көше» байқауларын ұйымдастырып, ауылдың көше атауларын қазақшаландыру және ағайындық-көршілік қасиеттерді насихаттайтын қайырымдылық шараларының бастамашысы болады.
1995-1998 жылдары Қазталов, Фурманов, Жәнібек, Жаңақала, Бөкей Ордасы ауданаралық көлік инспекциясының аға инспекторы болып істейді.
1998-2000 жылдары «Қазпочта» мекемесінің Қазталовка аудандық почта бөлімін басқарады. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып өтті, қажырлы еңбегімен ауданның өсіп өркендеуіне атсалысып, халықтың сый құрметіне бөленді. Жұбайы Жаңылсын Сапарқызымен бірге 55 жыл отасып, 6 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Немере-шөберелерінің аяулы атасы.
«Жайық үні-Жизнь города» газетінің редакция ұжымы әріптесіміз, «Ақжайық» телеарнасының директоры Асланбек Зиннатұлы мен Арсен Зиннатұлына, Орал қалалық мәслихатының депутаты, М.Ықсанов атындағы №36 орта мектеп директоры Азима Зиннатқызына бүгін қара жерге жамбасы тиген ардақты әкелерінің қазасына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамыз. Жатқан жері жарық, топырағы мамық болғай!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу