ӘЛЕУМЕТТІК НАН БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ
Өңірде жоғары және бірінші сұрыптағы ас атасының құны 10-20 теңгеге өскен. Дүкендерде нан 160 теңгенің аралығында саудалануда. Апта басынан басталған қымбатшылық жоғары сұрыпты ұн бағасының өсуімен байланысты дейді жергілікті бөлімінің мамандары. Орал қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі бағаны тұрақтандыру мақсатында күнделікті әлеуметтік дүкендер мен сауда желісіне мониторинг жүргізуді қолға алыпты. Бүгін «Желаев нан» сауда белгісімен танылған «Талецкий» жеке кәсіпкерлігіне барып, бағаны бағамдап қайтты.
Қазір қалада 7 наубайхана нан пісіреді. Негізгі нанмен қамтушы – Желаев нан комбинаты бағаны 150 теңгеге көтерген. Ал тасымалдаушылар және он теңге қосып, дүкендерде жоғары сұрыпты нан 160 теңгеден сатылуда.
– Күні бүгінде қамбадағы астық қоры таусылды. Биыл егін аз болды. Сол себепті қазіргі таңда жоғары сұрыпты нан бағасын 15 теңгеге қымбаттаттық. Бұрын 135 теңгеден сатылса, қазір 150 теңгеге жетті. Сондай-ақ екінші сұрыпты ұн бағасы 9 теңгеге көтерілді, яғни бағасы 119 теңге болды. Ал бірінші сұрыпты әлеуметтік нан бағасы бұрынғыша 80 теңгеден саудалануда. Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік нанды тегін таратамыз. Ұнды ең соңғы рет келісін өзіміз 187 теңгеден сатып алдық, – деген «Желаев нан» наубайханасының қожайыны Олег Талецкий жағдайдың күрделі екенін жасырмады.
Алайда, қалалық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жалғас Ғұмаров әлеуметтік тауар болып белгіленген бірінші сұрыпты нан бағасы 80 теңгеден аспайтынын айтып сендірді.
– Өткен аптадан бері аталған өнім бағасын бірлі жарым кәсіпорын көтерген болатын. Бүгінде облыс, қала басшылығының ұйымдастыруымен бірқатар жиындар өтіп, нан өндіруші мекемелермен әлеуметтік нан бағасы 80 теңге болып белгіленді. Қолдау ретінде аталған мекемелерге «айналма схемасына» қаражат қарастырылды. Одан бөлек әлеуметтік ұн өндіруші мекемелерге қосымша астық сатып алу жайы қарастырылуда. Қаладағы 7 нан өндіруші наубайханада тәулігіне 35 мыңнан аса нан пісіріледі. Оның 22 пайызы, яғни 7000 нан бірінші сұрыпты ұннан дайындалады. Жалпы келісімге сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 80 теңге болып белгіленді, – дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу